Окувайт Форте, көзге арналған дәрумендерді қолдану жөніндегі нұсқаулық, таблеткалар " />

Окувайт® Форте

Нұсқаулықты жүктеп алу

Құрамында алмастырылмайтын каротиноидтар (лютеин жəне зеаксантин), С жəне Е антиоксидант дəрумендері, мырыш жəне селен микроэлементтері бар биологиялық белсенді тағам қоспасы.
Көздің саулығын сақтау үшін көзді жүйелі тынықтырып, көзге арналған жаттығулар жасап, дұрыс тамақтанудың маңызы өте зор. Ғылыми зерттеулер антиоксидант минералдар мен дəрумендер көз құрылымын бос радикалдардан қорғап, олармен байланысты аурулардың алдын алуға көмектесе алатынын көрсетті. Бос радикалдар – бұл көз жасушаларын зақымдап, катаракта жəне егде жастағы макулярлық дегенерация сияқты көру қабілетінің елеулі қиындықтарына əкелуі мүмкін тұрақсыз молекулалар.

«Окувайт® Форте» компоненттері ағзада өндірілмейді, сондықтан оларды күнделікті тамақтану рационына қосуға кеңес беріледі. Өнімнің құрамындағы каротиноидтар антиоксиданттық қасиеттерге ие, торлы қабықты көз қарықтыратын жарықтың əсерінен қорғауға септігін тигізеді, торлы қабықта жас ерекшеліктеріне байланысты дегенерациялық өзгерістерінің пайда болу жəне даму қаупін төмендетуі мүмкін

  • Лютеин және Зеаксантин – ксантофиллдер тобына жататын сары пигменттер, адамның торлы қабық пигментінде жиналып, жарықтың әсерінен зақымдалатын жасушаларды қорғау механизмінің рөлін атқарады.
  • «Окувайт® Форте» дəрумендер-минералдар кешенінің құрамына кіретін С жəне Е дəрумендері, мырыш жəне селен минералдары табиғи антиоксиданттар бола отырып, зиянды факторлардың əсерін төмендетуге жəне көру қабілетін сақтауға көмектеседі, қан тамырларын, оның ішінде көз түбінің тамырларын нығайтуға ықпал етеді.
  • С дəрумені – адамға қажетті негізгі антиоксиданттардың бірі. Тотықтыру-қалпына келтіру, көмірсу алмасу процестерін, қанның ұйығыштығын реттеуге қатысады, көру пигменттерінің қалпына келуіне септігін тигізеді, глаукоманың даму қаупін төмендетеді.
  • Е дəрумені – бос радикалдардың белсенділігін төмендетіп, осылайша олардың түзілуіне кедергі келтіретін биологиялық антиоксиданттың рөлін атқарады. Капиллярлардың сынғыштығы мен өткізгіштігіне кедергі жасайды. Катарактаның пайда болуы мен дамуының алдын алады. Əдебиетке сүйенсек, С жəне Е дəрумендерін күн сайынғы рационға қосу глаукоманың даму қаупін төмендетеді.
  • Мырыш жасуша мембраналарын антиоксиданттармен қорғау процестеріне қатысады. Көзді ультракүлгін жəне қарықтырғыш жарықтың əсерінен зақымданудан қорғайды. Мырыш торлы қабықтың жасқа байланысты өзгерістерінің бəсеңдеуіне жəне катарактаның даму қаупінің азаюына ықпал етеді. Мырыш тапшылығы адамның түстерді айыра білу қабілетін төмендетуі мүмкін.
  • Селен – күшті антиоксидант, ол жасушаларды асқын тотық радикалдарының уытты əсерінен сақтандырады.

«Окувайт® Форте» биологиялық белсенді тағам қоспасы сіздің көзіңіздің саулығын сақтау үшін арнайы əзірленген. Клиникалық зерттеулер лютеин мен зеаксантинді ұзақ қабылдау макулярлық пигменттің тығыздығын жоғарылатып, көздің көру өткірлігін демеп тұруға ықпал ететінін көрсетті.

  • Өсімдік тектес каротиноидтер
  • Дəмі тұшқылтым Оңай жұтылады
  • Қабығы тегіс
  • Лютеин мен зеаксантин мөлшері жоғары микрокапсулалар – бақыланады жəне біртіндеп босатылады
Технология микрокапсулирования

Тасымалдағыш: микрокристалл целлюлоза (E460(i)); L-аскорбин қышқылы (толтырғыш: этилцеллюлоза (E462)); барқытшөп гүлдерінен алынған капсула түріндегі лютеин мен зеаксантин эфирлері (лютеин, зеаксантин, эмульгатор: микрокристалл целлюлоза (E460(i)); тұрақтандырғыш: крахмал эфирі жəне октенил-шайыртас қышқылының натрий тұзы (E1450); тотықсыздандырғыш: альфа-Токоферол (E307); жентектелуге қарсы агент: аморфты кремний диоксиді (E551); тотықсыздандырғыш: аскорбилпальмитат (E304(i)); қоюлатқыш: гидроксипропилметилцеллюлоза (E464)); қызғылт-сары AquaPolish F (қоюлатқыш: гидроксипропилметилцеллюлоза (Е464); жылтыратқыш: полиэтиленгликоль (E1521); күріш крахмалы; эмульгатор: сахароза жəне май қышқылдарының эфирлері (Е473); қоюлатқыш: гидроксипропилцеллюлоза (Е463); тасымалдағыш: микрокристалл целлюлоза (Е460(i)); бояғыштар: темір оксидтері мен гидроксидтері (сары жəне қызыл) (Е172)); DL-альфа-токоферол ацетаты (мальтодекстрин; тағамдық крахмал; жентектелуге қарсы агент: аморфты кремний диоксиді (E551)); селен (селенмен байытылған белсендірілмеген Saccharomyces cerevisiae ашытқысы); мырыш оксиді; жентектелуге қарсы агент: аморфты кремний диоксиді (E551); жентектелуге қарсы агент: стеарин қышқылының магний тұзы (E470b).

Бір таблеткада 0,02 г көмірсу бар, бұл < 0,01 нан бірлігіне сəйкес келеді.

КомпонентЛютеинЗеаксантинС дəрумені Е дəруменіМырышСелен
1 таблеткадағы мөлшер6 мг0,5 мг60 мг8,8 мг5 мг20 мкг
ҰТТ %120**50**100*80*33*29*

* — ұсынылатын тəуліктік тұтыну деңгейінің %.
** — тұтынудың дəлме-дəл деңгейінің %.
Лютеиннің мөлшері тұтынудың рұқсат етілген жоғары деңгейінен аспайды.

Биологиялық белсенді тағам қоспасы – каротиноидтердің (лютеин, зеаксантин) көзі жəне С, Е, мырыш жəне селен дəрумендерінің қосымша көзі ретінде ұсынуға арналған.

Ересектерге 1 таблеткадан күніне 1 рет тамақтану кезінде. Қабылдау ұзақтығы – 1 ай. Дəрі болып саналмайды.

Компоненттерінің жеке адамдарға сəйкес келмеуі, жүктілік, сəбиді емізу кезінде. Қолданар алдында дəрігермен кеңескен жөн.

Дəріханалар желісі, мамандандырылған дүкендер, сауда желісі бөлімдері арқылы.

Массасы 638 мг, тұтынушылық қаптамадағы таблеткалар.

Кұрғақ, жарықтан қорғалған, балалардың қолы жетпейтін жерде, 25 °С-тан аспайтын температурада.

24 ай
«Фармацевтическая компания Ельфа А.О.» (Pharmaceutical Company Jelfa SA), Винцентего Поля 21, 58-500 Еленя-Гура, Польша (Wincentego Pola 21, 58-500 Jelenia Góra, Poland).
«Бауш Хелс» ЖШС, Алматы қ., A26T9GO, Қажымұқан көш., 22/5-үй, , тел.: + 7 727 3-111-516, факс +7 727 3-111-517, эл.пошта: office.KZ@bausch.com

Өнімнің барлық құқықтары «Бауш Хелс» ЖШҚ-ға тиесілі

OCU-KZ-012025-08

Бад. Не является лекарственным средством